Бас жаңалықтар
Энергетика министрлігінің ресми өкілі  тағайындалды
20 Қаңтар 2020, 18:46 643

Энергетика министрлігінің ресми өкілі тағайындалды

Нұр-Сұлтан. BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми өкілі тағайындалды. Бұл туралы ҚР ЭМ баспасөз қызметі хабарлайды.

17 қаңтарда Министрдің кеңесшісі – Қазақстан Республикасы энергетика министрлігінің ресми өкілі лауазымына Ерментаев Серікжан
тағайындалды. Серікжан Ерментаевтың БАҚ саласында жұмыс тәжірибесі бар, квазимемлекеттік секторда басқарушы лауазымдарды атқарған, соңғы жұмыс орны – Атырау облысы әкімінің аппараты баспасөз қызметінің басшысы, - делінген хъабарламада.
Энергетика министрлігінің ресми өкілі – Қазақстан Республикасы энергетика министрлігі стратегиялық және ақпараттық даму департаменті директорының орынбасары Жеңісбек Нұрлыбек Президенттік жастар кадр резервінің құрамына кіріп, басқа жұмысқа ауысуда.


Фото: дереккөз
Загрузка...