Ер адам болып танысып жүрген 30 жастағы елордалық әйел болып шықты

6 Тамыз 2020, 14:35
20593
Бөлісу:
Ер адам болып танысып жүрген 30 жастағы елордалық әйел болып шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өзін ер адам ретінде таныстырып, зейнеткерді алдап кеткен алаяқ ұсталды. Бұл туралы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Полицияның жедел іздестіру іс-шаралары нәтижесінде бірнеше рет алаяқтық жасағаны үшін Нұр-Сұлтан қаласының 30 жастағы тұрғыны ұсталды.  

Ол бірнеше рет алаяқтық жасаған. Әйел ер адам болып танысып, тұрғындардан хабарласу үшін телефонын сұраған. Кейін оқиға орнынан ізін суытып отырған. Күдіктінің сыртқы келбеті ер адамға ұқсас болған. Сондықтан ол жоспарын сәтті жүзеге асырып жүрген. Ал ұрланған ұялы телефондарды арзан бағаға кездейсоқ адамдарға сатқан, - делінген хабарламада.

Сөйтіп, 25 шілде күні күдікті сауда үйінің жанында егде жастағы әйелге келіп, шұғыл қоңырау шалу үшін телефонын сұраған. Телефон қолына тиген соң, байланыс құралын алып белгісіз бағытқа бой тасалаған. Зейнеткер ұрлықтан келген шығынды 30 мың теңге деп бағалап отыр.

Өзгелердің жаңалығы