Еріктілік арқылы оқушылардың білім деңгейін арттыру көзделген – Сүлейменов

24 Қараша 2020, 11:30
1789
Бөлісу:
Еріктілік арқылы оқушылардың білім деңгейін арттыру көзделген – Сүлейменов
Фото: Арман Мухатов - архив

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ақмола және Шығыс-Қазақстан облыстарының ауылдық орта мектептерінің жоғары сынып оқушыларына ағылшын тілін, компьютерлік және құқықтық сауаттылықты үйрету, ҰБТ-ға дайындық, ерікті түрде көмек көрсету үшін «Birgemiz: Bilim» ұлттық жобасын іске асыру аясында қорытынды конференциясы өтті. 
 

Жасыл экономиканы қолдау және G-Global-ды дамыту коалициясының атқарушы директоры Асхат Сүлейменов 2020 жылы Қазақстанда «Біз біргеміз» ұранымен еріктілер жылы болып жарияланғанын айтты. 

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еріктілер қозғалысының маңыздылығын бірнеше рет атап өткен болатын. Нақтырақ айтсақ, «еріктілік нақты істермен бекітілген патриотизмнің жоғары деңгейінің көрінісі» деген еді. Осы орайда, біз «Birgemiz: Bilim» бағдарламасы бойынша Қазақстанның 14 облысында әртүрлі жоба жүзеге асты. Оның ішінде Қазақстанның еріктілер альянсы азаматтық бастамаларды қолдау орталығымен Ақмола облысының орта мектептерінде жоғары сынып оқушыларына ағылшын, компютерлік сауаттылықты үйрету мен ҰБТ-ға дайындықты жүзеге асырды, - деді ол.  

Сүлейменовтың айтуынша, екі жоба Ақмола мен ШҚО-да жүзеге асырылды. 

Жобаның басты мақсаты  - ауылдық жерлерде жоғаы сынып оқушыларына еріктілердің білім беруіне ықпал ету. Еріктілік арқылы біздің оқушылардың білім деңгейін арттыру  көзделген. Ол тек ҰБТ-ға емес, халықаралық олимпиадаларға дайындық, ағылшын тілі мен компьютерлік мамандықтар бойынша осы істі жүзеге асырады, - деді Асхат Сүлейменов. 

Айта кетейік, қорытынды конференцияда "Үздік волонтер" конкурсының нәтижелері жарияланды, Ақмола және Шығыс-Қазақстан облыстары бойынша 45 жеңімпаз анықталды. Олар 40 000 теңгені құрайтын арнайы сертификатқы ие болады.

Өзгелердің жаңалығы