Еркебұлан Сейдахмет жаңа командаға ауысты

6 Тамыз 2020, 17:42
1935
Бөлісу:
Еркебұлан Сейдахмет жаңа командаға ауысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматының "Қайрат" командасының шабуылшысы Еркебұлан Сейдахмет Талдықорғанның "Жетісу" командасына ауысты. Бұл туралы "Алматы" клубының ресми сайты хабарлады.

20 жастағы футболшы маусымның соңына дейін жалға ойнайды. Еркебұлан алаңға сирек шығып жүргендіктен, уақытша басқа командаға ауысқысы келген. "Қайрат" басшылығы келісімін беріпті.

Еске салсақ, Сейдахмет "Қайратқа" 2019 жылдың маусым айында ауысқан. Үш жылдық келісімшартқа қол қойған. Өткен маусымда ол  ҚПЛ-да 12 матч өткізіп, 1 гол соғып, екі нәтижелі пастың авторы атанды.

Ал биылғы маусымда Сейдахмет бір де бір матч өткізген жоқ.
Өзгелердің жаңалығы