Ерхат Есқалиев: Дәрі тапшылығы мәселесін шешуде кешенді шаралар қабылданды

7 Тамыз 2020, 11:56
1337
Бөлісу:
Ерхат Есқалиев: Дәрі тапшылығы мәселесін шешуде кешенді шаралар қабылданды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында "КВИ жағдайына байланысты дәрі-дәрмекпен қамту мәселесі: баға, сапа, халықты қамтамасыз ету" тақырыбы аясында өткен онлайн брифинг барысында "СҚ-Фармация" ЖШС басқарма төрағасы Ерхат Есқалиев айтты.

Коронавирустық инфекцияны емдеуге арналған дәрі-дәрмекпен қамту мәселесі үкіметтің басты назарында. Өздеріңіз білетіндей, маусым айының соңы мен шілденің басында вирус жұқтырғандар санының артуына байланысты провизорлық орталықтарда препараттар тапшылығы байқалды. Түйіткілді мәселені шешу мақсатында ең алдымен жедел шешуге сеп болатын кешенді шаралар қабылданды. Яғни, "СҚ-Фармация" қорында болған 2,6 миллиард теңге көлеміндегі КВИ емдеу үшін дәрілік заттардың айлық қорын жөнелту, 8,7 миллиард теңгеге қосымша көлем сатып алу (40 мың пациент үшін), 24 миллиард теңге сомасына КВИ емдеу үшін (100 мың пациент үшін) дәрілік заттармен қамтамасыз ету бойынша 2 айлық резервті қалыптастыру, сұранысқа ие препараттарды бөлшектеуге араласу шаралары қолға алынды, - деді ол. 

Басқарма басшысы компанияның логистикалық үдерістері жаңғыртылғанына да тоқталды. Оның айтуынша, жағдайды өзгерту үшін логистика форматы статикалық есептен динамикалық есепке өзгертілді. 

КВИ бойынша жедел жағдай кезеңінде барлық дәрілік зат медициналық ұйымдарға бірден жіберілді. Қойма кезекші топтарды құру жолымен 24/7 режимінде жұмыс істеді. Жоспарлы рейстер саны 1,7 есеге артты. Жүкті жөнелту мерзімі 2 аптадан 1 аптаға дейін қысқарды. Сонымен қатар, Cross-docking қағидаты бойынша тауарды хабтан өңірлерге бөлуде біз ұзақмерзімді сақтауды айналып өтіп, қазір өңірлерге тікелей жөнелтеміз. Дәрілік заттарды есептеуді жеделдету үшін қойма қызметкерлерінің саны артты. Дәрі-дәрмектерді жеткізуді жеделдету үшін авиакомпаниялармен келісім (Scat, Air Astana, Qazaq Air) жасалды; олар бірлескен жұмысқа келісті, біз де қажетті шарамен қамтамасыз етеміз, - деді Ерхат Есқалиев.

Бұған дейін коронавирусты үйде емдеу үшін 8,6 млрд теңгеге бес міндетті дәрі сатып алынатыны хабарланды.

Барлық құқықтар қорғалған. baq.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз: https://baq.kz/news/othernews/koronavirusty-uyde-emdeu-ushin/

Өзгелердің жаңалығы