Бас жаңалықтар
Ерлан Тұрғымбаев Ресейдің Ішкі істер министрімен кездесті
13 Сәуiр 2021, 22:51 217

Ерлан Тұрғымбаев Ресейдің Ішкі істер министрімен кездесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәскеу қаласында Қазақстан мен Ресейдің Ішкі істер министрлері – Ерлан Тұрғымбаев пен В.Колокольцевтің кездесуі өтті.

Полиция ведомстволарының басшылары екіжақты және көпжақты халықаралық шарттар негізінде жүзеге асырылатын ынтымақтастық бағыттарын талқылады.  

IT–технологиялар саласындағы өзара іс-қимылды арттыру, интернет-қылмыстарға, оның ішінде пандемия жағдайында әлемде кеңінен таралған алаяқтықтарға қарсы іс-қимыл мәселелері қаралды.

Кездесуге қатысушылар есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл, психобелсенді заттар мен синтетикалық есірткілердің жаңа түрлері туралы жедел ақпарат алмасу саласындағы істердің жай-күйін талқылады.

Сондай-ақ, Қазақстанның ішкі істер министрі Е.Тұрғымбаев Ресейдің ішкі істер министрі В.Колокольцевті қазақстандық полицияны реформалау барысымен таныстырды.

Кездесу қорытындысы бойынша екі ведомство басшылары болашақтағы ынтымақтастықты анықтады.


Фото: дереккөз
Загрузка...