Ертең Қарағанды дәріханаларына 300 мың маска жеткізіледі

16 Наурыз 2020, 12:10
2109
Бөлісу:
Ертең Қарағанды дәріханаларына 300 мың маска жеткізіледі
Фото: автордан

Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. 17 наурыздан бастап қаладағы "Биосфера" дәріханалар желісіне 300 мың медициналық бетперде әкелінбекші. Үш қабатты бір рет пайдалануға арналған маскалардың құны 130-140 теңге аралығында болады.

Бүгін таңертең қаладағы бірнеше дәріхананы аралап, медициналық маска іздегенімізбен, таппадық. Қарағандының әлеуметтік және жекеменшік дәріханаларында медициналық маска сатылымда жоқ.

Өткен аптаның бейсенбі және жұма күндері маска сатылымда болды. Бүгін таңертең таусылды. Қашан келетіні белгісіз. Антисептиктер де жоқ, - деді №4 емхана ғимаратында орналасқан әлеуметтік дәріхана фармацевті.

Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқарамасының мәліметінше, маска тапшылығын жою мақсатында "Биосфера" дәріханалар желісіне 17 наурыздан бастап маскалар жеткізіле бастайды.

20200316_104721.jpg

Қалада ең көп дәріханалары бар "Биосфера" компаниясымен келісімге келдік. Олар азаматтық жауапкершілігін танытып отандық өндірушілерден облыс тұрғындары үшін 300 мың бетперде сатып алды. Маскалар осы компанияның дәріханаларында сатып алынған құнында, яғни 130-140 теңгеден сатылатын болады. Қарағандылық "Мерей" компаниясы да бетперделерді дайындап жатыр. Оларда қор жоқ, дайын маскаларда бірден жөнелтіп отыр, - дейді облыстық денсаулық сақтау басқарасының басшысы Ержан Нұрлыбаев.

Коронавирус індеті жайлы ақпараттарды республикалық 1406 call-орталығына немесе Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқарасына 955-559 нөмірі бойынша хабарласып алуға болады.

Өзгелердің жаңалығы