Ертең еліміздің басым бөлігінде жел соғады

22 Қыркүйек 2020, 20:17
1248
Бөлісу:
Ертең еліміздің басым бөлігінде жел соғады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет 23 қыркүйек күні еліміздің бірқатар облысында дауылды ескерту жариялады.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде күндіз нөсер жаңбыр жауып, найзағай жарқылдап, дауыл соғып, бұршақ жауады. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс бағытына ауысып, түнде кей жерлерде күші 15-20 м/с, күндіз күші 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді.

Петропавл қаласында күндіз найзағай жарқылдап, дауыл соғып, бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс бағытына ауысып, түнде екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20, екпіні 23-28 м/с болады.

Қарағанды облысында кей жерлерде тұман түседі. Түнде облыстың солтүстік-шығысында топырақ бетінде 1-3 градус үсік жүреді.

Қарағанды және Жезқазған қалаларында онтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соққан жел 15-20, күндіз екпіні 25 м/с дейін жетеді.

Семей қаласында күндіз желдің екпіні 15-20 м/с-ге дейін барады.

Ақмола облысында күндіз кей жерлерде нөсер жаңбыр жауады. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің күші түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, екпіні 23-28 м/с болады.

Көкшетау және Нұрсұлтан қалаларында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

Қостанай облысында кей жерлерінде найзағай жарқылдап, тұман түсіп, дауыл соғып, бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысып, күші 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с жетеді.

Қостанай қаласында оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысып, күші 15-20 м/с болады.

Қызылорда облысында таңертең және күндіз батыстан, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с сақталады. Күндіз өрт шығу қаупі өте жоғары.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман түседі.

Ақтөбе облысында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады. Облыстың басым бөлігінде 15-20, екпіні 23 м/с болады.

Ақтөбе қаласында күндіз оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі. Күндіз оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады. Облыстың басым бөлігінде 15-20, екпіні 23 м/с болады.

Орал қаласында түнде және таңертең тұман түседі.

Дауылды ескертудің ықтималдылығы 90-95 %


Өзгелердің жаңалығы