Бас жаңалықтар
Ертеңгі күнге деген сенімділік еселеп артары сөзсіз - жастар
22 Маусым 2019, 10:06 764

Ертеңгі күнге деген сенімділік еселеп артары сөзсіз - жастар

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан жастарына деген ықыласының ерекше екенін айтқан С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың Жастар ісі жөніндегі комитетінің төрағасы Марлен Әбубәкір осындай игі істер жалғасын тапса жас буынның ертеңгі күнге деген сенімінің еселеп артатынын алға тартты.

«Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел басқаруы Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ерен саясатының жемісі. Тоқаев Қазақстанның ғана емес, сондай-ақ әлемнің саясатында ойып тұрып орын алатын ерекше тұлға. Ол екінің бірінің қолынан келе бермейтін ерекше жұмыстарды атқарды. Біріккен Ұлттар Ұйымының Штаб-пәтерінде, Еуропалық қауіпсіздік кеңесінде маңызды қызметтер атқарды. Осы себепті оның президент болуы еліміздің одан әрі дамып, халықаралық ареналарда таныла беруіне септігін тигізеді деп ойлаймын», – деді Марлен Әбубәкір.

Алдағы уақытта елдің жаңа президенті жасайтын игі істерінің көп болатынына сенім білдірген ол қазірдің өзінде ел басшысының елі үшін жасағалы отырған мақсатты жоспарларының көп екенін айтады.

«Қасым-Жомарт Кемелұлы жастарға да ерекше көңіл бөлуде. Жақында ғана мемлекет басшысымен Қостанай қаласында кездесіп қайтқан болатынбыз. Кездесу барысында ол Жастар жылында істелетін игі істердің көп болатынын айтты. Қазірдің өзінде жас буынға жасалып жатқан жақсылықтар аз емес. Атап айтсақ, ол жастардың тұрмыс жағдайын көтеру, баспанамен, жұмыспен қамту мәселелерін мықтап қолға алды. Бұдан бөлек әлеуеті жоғары 300 жасты еліміздің жоғары билік өкілдерінің қатарына қосуды жоспарлап отыр. Бұл біз сияқты жастардың ертеңгі күнге деген сенімін еселеп арттырары сөзсіз. Сондықтан мен Қасым-Жомар Кемелұлы Тоқаевты қолдаймын!» – деді Марлен Нұрланұлы.


Фото: дереккөз
Загрузка...