Бас жаңалықтар
Ертең зейнетақының бір бөлігін алуға өтініш беретін платформа іске қосылады
22 Қаңтар 2021, 15:03 179

Ертең зейнетақының бір бөлігін алуға өтініш беретін платформа іске қосылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Отбасы Банк» АҚ 23 қаңтарда өтініштер қабылданатын онлайн платформаны іске қосады. Бұл туралы ОКҚ-де өткен онлайн брифинг кезінде «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкi» АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова айтты.

«Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкi уәкілетті оператор ретінде 2021 жылдың 23 қаңтарынан бастап Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалануға өтініш тапсыра алатын арнайы онлайн платформаны іске қосады, - деді ол онлайн брифингте.
Оның айтуынша, өтініш берместен бұрын қолданылу мерзімі аяқталмаған, қызмет алуға жарамды электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) болуы керек. Зейнетақы жинақтарының қолжетімді көлемін ҚР БЖЗҚ порталынан нақтылауға болады. 
Оператордың интернет-ресурсында ЭЦҚ немесе басқа электронды құралдар арқылы авторизациядан өту қажет. Өзіңіздің жеке кабинетіңізді ашып, арнайы шотқа өтініш беріңіз. Арнайы шот ашқаннан кейін арнайы шоттың нөмірін, пайдалану мақсатын, қолда бар соманы, жеке табыс салығын ұстау және аудару тәсілдерін көрсете отырып, біржолғы зейнетақы төлеміне электрондық өтініш толтыруыңыз қажет, - деді Ләззат Ибрагимова.


Фото: дереккөз
Загрузка...