Бас жаңалықтар
Ержан Естанов Алматыда өткен турнирде жеңіліп қалды
01 Желтоқсан 2019, 13:55 7421

Ержан Естанов Алматыда өткен турнирде жеңіліп қалды

Алматы, BAQ.KZ. Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Ержан Естанов Алматыда өткен АСА 102 турнирінде жеңіліс тапты. Бұл туралы Prosports.kz хабарлады.

62 келілік салмақ дәрежесіндегі (аса жеңіл салмақ) спортшыға жеңіліс дегенді білмейтін ресейлік Хусейн Шайхаев қарсылас атанған.
Ел күткен жекпе-жек бірінші раундта-ақ аяқталды. Ресей спортшысы Естановтың өкшесін қайырып, ауырту әдісімен жеңіске жетті. 

Айта кетелік, бұл Естановтың спортшылық мансабындағы тоғызыншы және екінші рет қатарынан тапқан жеңілісі еді. Шайхаев 8 жекпе-жектің біреуінде де жеңіліп көрмеген.

Еске сала кетейік, аталмыш турнирде тағы бір танымал қазақстандық Гойти Дазаев те қырғызстандық Алтынбек Мамашевтен жеңілді.


Фото: дереккөз
Загрузка...