Бас жаңалықтар
Ержан Максимге 2 рет дауыс беруге болады
Серіктестік материал
20 Қараша 2019, 20:30 4585

Ержан Максимге 2 рет дауыс беруге болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Junior Eurovision Song Contest" ән байқауында Қазақстан намысын қорғап жатқан Ержан Максимге 2 рет дауыс беруге болады. Бұл туралы "Хабар" агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Дауыс беру үшін:

1.  junioreurovision.tv сайтына кіру;

2. Тізімнен Ержанды және тағы 2 қатысушыны таңдау;

3. "Дауыс беру" тетігін басу керек.⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀

Ержан Максимге 2 рет дауыс беруге болады. Бірінші дауыс беру 23 қараша сағат 01:00-ден байқау басталғанша жалғасады. Ал екіншісі концерт аяқталған соң 15 минутқа қайта ашылады, - делінген хабарламада.

image001.jpg

Байқау бойынша және дауыс беру ережесі бойынша толығырақ мына сілтемеден білуге болады.

Айта кетейік, бұл балалар байқауының ересектер "Евровидениесінен" айырмашылығы келесі байқауды ұйымдастыру құқы жеңімпазға берілмейді.

Ересектер "Евровидениесінен" тағы бір айырмашылығы, балалар конкурсына қатысушы елдердің орындаушыларына  өз елдерінің өкілдерін қолдауға рұқсаттары бар. Ол үшін junioreurovision.tv ресми сайтында дауыс беруге болады. Онлайн дауыс берудің бірінші сатысы 23 қараша күні Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 01.00-ден бастап 24 қараша күні сағат 20.59-ға дейін жалғасады. Онлайн дауыс берудің екінші сатысы ән орындалғаннан кейін басталады және 15 минутқа ғана созылады.

Қазақстан 2019 жылдың 24 қарашасында Гливице қаласы, Польшада өтетін халықаралық "Junior Eurovision Song Contest" ән байқауына екінші рет қатысады. 9 жастан бастап 14 жасқа дейінгі орындаушылар қатысатын "Eurovision" аналогында елімізді Ержан Максим таныстырады. Қазақстанның аумағында байқауды "Хабар" телеарнасы трансляциялайтын болады. "Хабар" агенттігі 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап іс-шараны ұйымдастыратын Еуропалық хабар тарату одағының (EBU) қауымдасқан мүшесі болып табылады, бұл мүшелік аталған байқауға қатысу үшін елден үміткер ұсынуға мүмкіндік берді.

Былтыр Қазақстанды ән байқауда Данелия Тулешова таныстырды. Көрермендердің дауыс беру нәтижесі бойынша, ол үшінші орынға ие болды. Көрермендер мен төрешілердің дауыс беру нәтижесі бойынша жас әнші алтыншы орынды иемденді.

Junior Eurovision байқауының шарты бойынша, финалда қатысушылар еш жерде жарияланбаған  ұзақтығы 2 минут 45 секундтан 3 минутқа дейінгі композицияны табиғи дауыста орындауы қажет. Жеңімпаз қазылар алқасы мен қатысушы мемлекеттердің дауыс беруі арқылы анықталады. Қазылар алқасына 5 адам кіреді – 3 ересек және 2 бала. Ересектер "Евровидениесінен" айырмашылығы келесі байқауды ұйымдастыру құқы жеңімпазға берілмейді, бұл жас орындаушыларға артық қысым болмауы үшін істелген шара. Байқау ұйымдастырушыларын алдын ала Еуропалық хабар тарату одағы (EBU) анықтайды.

Алғаш рет "Junior Eurovision Song Contest" 2003 жылы Копенгаген (Дания) қаласында 16 мемлекеттің қатысуымен өткен болатын. Ал телекөрермендердің және қазылар алқасының ортақ шешімімен жеңімпазды анықтау 2008 жылдан бастап мүмкін болды, оған дейін дауыс беру көрсетілім кезінде көрермендермен жүзеге асқан еді. 2007 және 2008 жылдардағы  дауыс беруден түскен пайда "UNICEF-ке" жолданды.

10 қазан күні Ержан Максимнің "Арманнан қалма!" ("Don’t forsake your dream") деп аталатын әнінің тұсау кесері өтті. Әннің авторлары – Хамит Шанғалиев, Данияр Алдабергенов және  Тимур Балымбетов. Сондай-ақ, дәл осы күні конкурстық әнге таспаланған бейнебаянының да ресми тұсау кесері болды. Бейнебаянның режиссері – Александр Фломбойм, продюсері – Сергий Руцкий. Түсірілім жұмыстары Алматы қаласында жүргізілген.



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...