Есiл ауданының орталығында жаңа ықшам аудан бой көтердi – СҚО

21 Қараша 2020, 07:49
1347
Бөлісу:
Есiл ауданының орталығында жаңа ықшам аудан бой көтердi – СҚО

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл жайында әлеуметтiк желiдегi парақшасында облыс әкiмi Құмар Ақсақалов жазды.

Явленканың картасында жаңа ықшам аудан пайда болды. Кезекте тұрған Есiл ауданының тұрғындарына 27 пәтерлi көпқабатты үй салынды. 10 жеке үйден тұратын жаңа көше пайда болды. Баспанаға жұмыс күшi көп аймақтардан көшiп келген отбасылар қоныстанды. Келесi жылы тағы 25 үй салынады. Оған қоса, екi көпқабатты үй салу жоспарда бар. Балалар және спорт алаңқайы тұрғызылады. Осылайша, өмiр сүруге қолайлы жаңа ықшам ауданның жобасы айқындалды, - деп жазды өз парақшасында өңiр басшысы Құмар Ақсақалов.⠀

Облыс орталығымен қатар, ауылдарда да үй құрылысы жанданды. Ауылдық жерлерде үш жылда құрылыс көлемi 2 есеге өстi, 52 мыңнан 108 мың шаршы метрге дейiн артты. Жалпы, биыл облыста 300 мың шаршы метр баспана қолданысқа берiледi. Бұл – 3 мың пәтер. 11 мыңнан аса солтүстiкқазақстандық қоныс тойын тойлайды.


Өзгелердің жаңалығы