Бас жаңалықтар
Ескендір және Дарико Хасанғалиевтер жансақтау бөлімінде жатыр
22 Сәуiр 2021, 17:42 471

Ескендір және Дарико Хасанғалиевтер жансақтау бөлімінде жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атақты әнші, композитор Ескендір Хасанғалиев пен жұбайы Дарико Хасанғалиева жансақтау бөлімінде жатыр.

Бұл туралы әншінің баласы Біржан Хасанғалиев хабарлады.

Соңғы уақытта қаншама қоңырау соғылып, ата-анамның емделу барысын біліп жатқандар өте көп. Үлкен рақмет сіздерге! 4-5 күн болды, реанимацияда жатыр. Дәрігерлердің айтқан: «состояние стабильное, без ухудшения» деген сөзі көп үміт және сенім береді.
Алла тағала қолдасын, - деп жазды Біржан Хасанғалиев Instagram-дағы парақшасында.
Бұған дейін сәуірдің басында Біржан Хасанғалиев ата-анасының коронавирус жұқтырғанын хабарлаған болатын.

Фото: ашық дереккөз
Загрузка...