Бас жаңалықтар
Еліміздің бірқатар өңірінде дабылды ескерту жарияланды
03 Желтоқсан 2019, 17:35 1188

Еліміздің бірқатар өңірінде дабылды ескерту жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райының қолайсыздығына байланысты дабылды ескерту жариялады.

4 желтоқсанда Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Ертең Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын, көктайғақ сақталады. Нұр-Сұлтан қаласында 4 желтоқсанда тұман түсіп, көктайғақ болады. 4 желтоқсанда Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түсіп, бұрқасындатып, көктайғақ болады. Күндіз оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, кей жерлерде желдің күші 15-20 м/с жетеді, - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, синоптиктер желтоқсанда ауа райы қандай болатынын айтқан еді.



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...