Бас жаңалықтар
Есмағамбетова карантинді жұмсартудың үш көрсеткішін атады
14 Тамыз 2020, 13:49 129

Есмағамбетова карантинді жұмсартудың үш көрсеткішін атады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифинг барысында спорт жанкүйерлерін хоккей және футбол матчтарының трибуналарына жіберу жоспарлары туралы айтты.

Хоккей чемпионаттары 10 қыркүйектен басталатынын ескерсек, бұл мәселені қарастыруға әлі уақыт бар. Шешім сол кезде тұтас елде және өңірлерде қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты қабылданатын болады. Қазір көрермендердің қатысуымен өтетін кез-келген спорттық іс-шараға тыйым салынған. Кейін қадам эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып жасалатын болады, - деп жауап берді ол.
Бас санитар Қазақстанда карантиндік шараларды жеңілдету және өзгерту үшін үш көрсеткіш қолданылып отырғанын жеткізді.
Біріншісі - репродуктивтілік көрсеткіші. Егер карантиндік шаралар кезеңінде бұл көрсеткіш 1,72 болса, бүгінде ол 0,78-д құрайды. Бұл негізгі критерийлердің бірі, R деп аталатын сан бірліктен аз болуы керек. Бүгінде біз бұл көрсеткішке қол жеткіздік. Екіншісі – соңғы жеті күнде жүз мың адамға шаққандағы ауру көрсеткіші. Ол соңғы 7 күнде 100 мың тұрғынға шаққанда 80-ді құрап отыр. Біз 73,7-ге жеттік. Үшіншісі – соңғы 7 күнде өлім көрсеткіші екеуден аз болуы керек. Бүгінде ол 1,67 болып отыр, - деді Есмағамбетова.
Айта кетейік, бас санитар бұған дейін фитнес орталықтары мен сауда үйлері қалай жұмыс істейтінін жұмыс істейтінін, сондай-ақ, маска тағу режимі әлі де сақталатынын сақталатынын  және неліктен демалыс күндері қатаң режимнің сақталып отырғанын отырғанын айтқан болатын.




Фото: ашық дереккөз
Загрузка...