ESPN орта салмақтың рейтингін жаңартты

30 Қыркүйек 2020, 22:29
994
Бөлісу:
ESPN орта салмақтың рейтингін жаңартты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ESPN телеарнасы орта салмақтағы үздік боксшылардың рейтингін жаңартты, деп жазады Prosports.kz сайты.

Өткен аптада орта салмақтың өкілдері Джермалл Чарло мен Сергей Деревянченко жекпе-жек өткізген. Жеңіске жеткен Джермалл Чарло жаңартылған рейтингіде бір сатыға көтеріліп, үздік үштікке енді.

Көш басында мексикалық Сауль Альварес тұр. Одан кейінге орынға Геннадий Головкин жайғасқан. 

ESPN тұжырымы бойынша орта салмақтың үздіктері:

1 (1). Сауль Альварес (Мексика)
2 (2). Геннадий Головкин (Қазақстан)
3 (4). Джермалл Чарло (АҚШ)
4 (3). Деметриус Андраде (АҚШ)
5 (5). Сергей Деревянченко (Украина)
6 (6). Риота Мурата (Жапония)
7 (7). Роб Брант (АҚШ)
8 (8). Крис кіші Юбэнк (Ұлыбритания)
9 (9). Матвей Коробов (Ресей)
10 (10). Хайме Мунгия (Мексика).

Өзгелердің жаңалығы