Этносаралық қатынастарды дамыту комитетіне жаңа төраға тағайындалды

25 Мамыр 2020, 19:00
1151
Бөлісу:
Этносаралық қатынастарды дамыту комитетіне жаңа төраға тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің бұйрығымен Болат Бауыржанұлы Мажағұлов ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы болып тағайындалды.

Болат Мажағұлов 1983 жылы Алматыда дүниеге келген. Қазақ ұлттық музыка академиясын тәмамдаған.  Ол еңбек жолын 1999 жылы Астана қ. мемлекеттік филармониясының симфониялық оркестрінде бастап, Мемлекеттік филармонияда, "Ұлан" ұлттық гвардиясында, Астана қаласының "Наз" мемлекеттік халық театры" МКҚК еңбек етті. 

2007-2008 жылдары Астана қаласында Мәдениет басқармасының құрылымында жұмыс істеді. Кейін Бейбітшілік және келісім сарайының директоры болды.

2010 жылдан 2019 жылдар аралығында Астана қаласының Мәдениет және спорт басқармасын басқарды. 2019 жылдан бастап бүгінге дейін Нұр-Сұлтан қаласының ҚР Президент Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары болып еңбек етті.
Өзгелердің жаңалығы