Facebook қашықтан жұмыс істеу режимін 2021 жылдың ортасына дейін ұзартты

7 Тамыз 2020, 11:23
1182
Бөлісу:
Facebook қашықтан жұмыс істеу режимін 2021 жылдың ортасына дейін ұзартты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Америкалық Facebook корпорациясының қызметкерлері коронавирустық пандемияға байланысты келесі жылдың шілдесіне дейін қашықтан жұмыс істей алады. 

Бұл туралы 6 тамызда Business Insider хабарлады.

Денсаулық сақтау саласындағы сарапшылар мен үкіметтің ұсыныстары, сондай-ақ осы мәселелер бойынша өзіміздің ішкі талқылауларымызда қабылданған шешімдер негізінде біз қызметкерлерге 2021 жылдың шілдесіне дейін үйден өз еркімен жұмыс істеуге рұқсат береміз, - делінген Facebook хабарламасында. 

Сонымен қатар, корпорация басшылығы қызметкерлерге "үй кеңсесінің қажеттіліктері үшін" 1 мың доллар төлеуге ниетті.

Facebook қызметкерлері Сovid-19 жағдайына байланысты наурыз айының соңында қашықтан жұмыс істеу режиміне шықты, ал мамыр айында қызметкерлерге жыл соңына дейін үйден жұмыс істеуге рұқсат етілді.

Facebook басшысы Марк Цукербергтің айтуынша, корпорация пандемия аяқталғаннан кейін кеңселерде жұмысын қайта бастайтындардың қатарына ең соңынан қосылатын болады.

Өзгелердің жаңалығы