Фараби-1150: әл-Фараби мерейтойы ресми басталды

29 Қаңтар 2020, 11:46
2397
Бөлісу:
Фараби-1150: әл-Фараби мерейтойы ресми басталды
Фото: автордан

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ҚР мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде өнер адамдарымен кездесіп, ғұлама ойшыл әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойы аясында өтетін іс-шаралардың басталғанын мәлімдеді.

Университет қабырғасынан ашылған әл-Фараби орталығымен танысқан мемлекеттік хатшы, өнер адамдарымен де кездесті. 

Өткен аптада Елбасы және мемлекет басшының қатысуымен Нұр-Сұлтан қаласында Ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойының ашылуы өтті. Бүгін өздеріңіздің қатысуларыңызбен ғұлама бабамыз әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойы іс-шараларын салтанатты жағдайда бастамақпыз. Биыл әл-Фарабидің 1150 жылдығы мен Абайдың 175 жылдығы аясында халықаралық және республикалық деңгейде ауқымды шаралар ұйымдастырылады. Әрине бұл шаралардың барлығы өнер мен білім саласында жүрген тұлғаларымыздың атсалысуымен өтеді,-деді ол. 

Сонымен қатар, ол өнер адамдарына ҚР Тұңғыш президенті – Елбасының мемлекеттік шәкіртақысын табыстады.

Сөз басында Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың: "Әдебиет көктемнің бет-бейнесі, рухани болмысы, ақыл ой парасаты", деген сөзін еске түсіріп отырмын. Әрине біз үлкен мәдениетімізбен және ойшылдарымызбен мақтанамыз. Биыл әл-Фарабидің 1150 жылдығы және Ұлы Абайдың 175 жылдығын ел болып атап өтудеміз. Бұл халқымыздың рухани өсуіне және алдымызда тұрған жаңа шақыруларға жол іздеуге өз септігін тигізеді деп ойлаймын. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан" атты мақаласында біз сол  ұлттық сананы жаңғыртуға және бәсекеге қабілетті ұлт қалыптастырамыз десек Ұлы тұлғаларымызды мұқият оқуымыз керектігін атап өткен еді, - деді Қырымбек Көшербаев.

Жиын барысында жазушы Смағұл Елубай сөз сөйлеп, мұндай үлкен шараларды ұлт зиялыларынсыз өткізу мүмкін еместігін айтты.

Бұл басқосу Қазақстан басшылығының жаңа жыл басында, жаңа жауапты сапар алдында елағаларының ақ тілектерін тыңдап, ақбатасын алу деседе болғандай. Осында бас қосқан қауым Қазақстан басшылығының халық үніне құлақ асатын жүйе құру ниетін, елдің әлеуметтік ахуалын көтерем деген ойларын қолдаймыз. Экономика ендігі жерде аттөбеліндей алигархтарға емес, қарақұрым халыққа қызмет етеді деген ойдамыз, - деді жазушы.

Өзгелердің жаңалығы