Фараби-1150. «Farabi world» жас ғалымдар форумы өтеді

19 Қыркүйек 2020, 21:30
2253
Бөлісу:
Фараби-1150. «Farabi world» жас ғалымдар форумы өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазақстан жастар фракциясы» Қоғамдық қоры Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының қолдауымен, Алматы қаласының Жоғарғы оқу орындарымен бірлесе «FARABI WORLD» атты жас ғалымдардың online форумын өткізеді.

Форумның мақсаты Әбу-Насыр әл-Фарабидің өмір-жолдары мен шығармашылығын Қазақ жастарына кеңінен насихаттау. ЮНЕСКО-ның 40-шы Бас конференциясында Шығыстың ғұлама ойшылы Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығын 2020 жылы атап өтілетін халықаралық мерейтойлар тізіміне енгізу жөнінде шешім қабылданды – дейді ұйымдастырушылар.

Форумның спикерлері Халықаралық ТЮРКСОЙ ұйымының Қазақстандағы өкілі, Абай атындағы ҚазҰПУ жанындағы Немат Келімбетов атындағы Түркітану орталығының директоры, филология ғылымдарының кандидаты – Тұрғанбаев Асқар, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Философия кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымдарының доктор, профессоры – Жақып Алтаев, Әдебиет және өнер институтының директоры, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі – Кенжехан Матыжан, Халықаралық музейлер комитеті ICOM KAZAKHSTAN құрметті мүшесі – Оразымбетова Бакытхан, Қазақстан Жазушылар Одағының төрағасы – Ұлықбек Есдаулет, Қазақстан Республикасы ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссия мүшесі, педагогика ғылымдарының доктор, профессоры – Мұңалбаева Үмітхан.

Форум аясында:

Жамбыл атындағы жасөспірімдер кітапханасында online форматта «әл-Фарабидің әдеби ойлары» атты ғылыми семинар;

Алматы музейінде online форматта «Әлемдік өркениеттегі әл-Фарабидің рухани мұрасы» атты кездесу;

Алматы қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесінде online форматта «Қазіргі замандағы әл-Фарабидің философиялық және мәдени ілімдері» атты дөңгелек үстелі өтеді.

Іс-шара аясында, әл-Фарабиге қатысты фотокөрмелер мен сирек кітаптар көрмесі өту жоспарланған.


Өзгелердің жаңалығы