Фитнес орталықтары мен сауда үйлері қалай жұмыс істейді?

14 Тамыз 2020, 12:37
2557
Бөлісу:
Фитнес орталықтары мен сауда үйлері қалай жұмыс істейді?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифинг барысында балабақшалар, сұлулық салондары, фитнес-орталықтар сияқты нысандардың қалай жұмыс істейтінін  мәлімдеді.

Дүйсенбіден бастап қызметі тоқтатылмаған нысандар жұмысын жалғастырады. Осы объектілермен бірге сауда ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлерінің қызметі қайта басталады, дүйсенбіден бастап сауда бутиктерінің жұмысына рұқсат беріледі. Сауда желілері мен жабық базарлар жұмысына кіріседі. Сонымен атар, сұлулық салондарының, косметологиялық орталықтардың, шаштараздардың, СПА-орталықтардың жұмысына рұқсат етіледі. Барлық нысандарға қойылатын талаптар күшейтілді: шектеу шараларын жеңілдетудің алғашқы кезеңінде нысандардағы халық санын шектеу, әлеуметтік қашықтықты сақтау. Бір адамның айналасы кемінде төрт шаршы метр болуы тиіс, - деді Есмағамбетова.

Бас санитардың айтуынша, дүйсенбіден бастап балалар түзету кабинеттері, сондай-ақ ересектер мен балаларға арналған білім беру орталықтары ашылады. Топтарда кемінде бес адамға рұқсат етіледі, сабақтар алдын-ала жазылу бойынша өткізіледі. Күшейтілген дезинфекциялық режим және әлеуметтік қашықтықты сақтау талабы сақталған.
Балабақшалардың жұмысына рұқсат етіледі. Бірінші кезеңде кезекші топтар режимінде жұмыс істейтін болады, бұл ретте топтар жиынтық емес, әдетте санитарлық ережелерде көзделгендей жас ерекшелігі бойынша құрылатын болады. Бір топтағы адам саны 15 баладан аспауы тиіс, - деп атап өтті дәрігер.  
Айжан Есмағамбетова  сондай-ақ, аттракциондардың ашық ауада жұмыс істеуіне рұқсат берілгенін айтты. Мұндағы міндетті талап – әлеуметтік қашықтықты сақтау, келушілер ағынын реттеу, міндетті маска тағу режимі.
Шектеу шараларын жеңілдетудің бірінші кезеңінде фитнес-орталықтардың жұмысына рұқсат берілген. Тек бассейндер жұмысына тыйым салынған. Сонымен қатар, фитнес-орталығына келген бір адамға кемінде бес шаршы метр алаң сақталған жағдайда қызмет көрсетуге жол беріледі. Бұл ретте нысанға келушілер көлемі 50 пайыздан аспауы тиіс. Моншалар мен сауналардың (бассейндерсіз) жұмыс істеуіне рұқсат бар. Мұнда да келушілер көлем 50 пайыздан аспайды, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы