Бас жаңалықтар
FlyArystan рейстер санын көбейтеді
14 Ақпан 2020, 14:44 158

FlyArystan рейстер санын көбейтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. FlyArystan Алматыдан Ақтөбе мен Қостанайға қатынайтын жаңа бағыттарға билет сатылымын ашып, алдағы жазда рейстер санын көбейтеді.

2019 жылмен салыстырғанда рейстер саны екі еселеніп, олар 6-дан 12-ге дейін көбеймек. Бұл апта сайын оңтүстік астанадан ұшып шығатын рейстердердегі орындар санының 90% арттыруын білдіреді.

Осының бәрі 2020 жылдың наурызында компания әуепаркіне жаңадан қосылып келетін бесінші борттың арқасында болмақ. Келетін Airbus А320 ұшағы Халықаралық Алматы әуежайы бекетінде үшінші әуелайнер болуды жоспарлап отыр.

Алматы-Қостанай-Алматы жаңа бағыты 12 наурыздан бастап күнделікті орындалатын болады. Осы бағыттағы ең арзан тариф құны 8999 теңгеден басталады.

Алматы-Ақтөбе-Алматы бағыты сәуірдің 20-нан бастап, аптасына 3 рет қатынайды. Бұл бағыттағы билет бағасы 11 999 теңгеден басталмақ.

Отандық лоукостер жазғы демалысты ертерек жоспарлап, ең төменгі бағамен ұсынылған билеттерді қазірден бастап алуға кеңес береді.

Жаңа бағыттардан бөлек, 2020 жылдың жазында бағдарлар кестесінде халық көңілінен шыққан бағыттар саны да көбеймек:

Алматы-Шымкент-Алматы. Күнделікті рейстер саны 86% өсіп, аптасына 13 рейске дейін көбейеді.

Алматы-Павлодар-Алматы. Күнделікті рейстер саны 43% артып, аптасына 10 рет ұшатын болады.

Алматы-Нұр-Сұлтан-Алматы. Күніне 2 рет орындалған рейстер 50% артып, бұдан былай күніне 3 қатынайтын болады.

Алматы-Қарағанды-Алматы. Күнделікті рейстердің саны 29% артып, аптасына 9 рет орындалатын болады.

FlyArystan-ның операциялық қызметі 2019-дың жазына бір ай қалғанда орындала бастаған еді. Лоукостер дегеніміз не және де оның ерекшелігі жайлы жүздеген мың қазақстандықтар біліп, осы жазда олар одан да көбірек бағытта жиірек ұшып баратын болады деген сенімдеміз. Алматы бекетінің өрісі кеңейіп, бұдан былай алматылықтар тез әрі қолжетімді сапарларды орындау мүмкіндіктері мол болмақ, - дейді FlyArystan-ның сату және маркетинг бөлімінің директоры Жанар Жайлауова.

Естеріңізге сала кетсек, бірнеше күн бұрын Қазақстанның алғашқы лоукостері Алматы мен Нұр-Сұлтаннан Қызылордаға, сонымен қатар үстіміздегі жылдың наурызында оңтүстік астанадан Петропавл мен Көкшетау шаһарларына орындалатын жаңа рейстері туралы жаңалығымен бөліскен болатын.

Фото: ашық дереккөз
Загрузка...