Бас жаңалықтар
Нөмірі шетелдік көліктер тіркелетін болса, ел қазынасына 300 млрд теңге түседі
20 Қаңтар 2020, 19:52 219

Нөмірі шетелдік көліктер тіркелетін болса, ел қазынасына 300 млрд теңге түседі

Алматы, BAQ.KZ. Бұл туралы EXANTE халықаралық инвестициялық компаниясының сарапшысы Андрей Чеботарев FINANCEkaz телеграмм-каналында жазды.

Сарапшы шетелдік нөмірмен жүрген көлік иелері заң талаптарына мойынсынып, Қазақстанда тіркелетін болса, қанша қаражат түсетінін есептеп көруді жөн санапты.

Соңғы мәлімет бойынша елімізге көрші елдерден 170 мың көлік жеткізілген. Жүрілгеніне үш жыл немесе одан да көп уақыт болған көлікті, яғни шамамен 3 мың доллар тұратын әрі қозғалтқыш күші 1,6 литрлі автомобилді Қазақстанда тіркеу 2,3 млн теңгені құрайды. Ал 10 мың доллар шамасындағы қозғалқыш күші 2,5 литрлі көлікті тіркеу үшін 2,8 млн теңге төлеу қажет, - дейді ол. 

Андрей Чеботарев 170 мың көліктің тым болмағанда, 120 мыңы тіркелетін болса, ел бюджетіне 300 млрд теңге түсетінін айтады.

Көліктердің барлығы тіркеуден өтпеуі мүмкін, оның ішінде рөлі оң жақта орналасқандары да бар. Егер 120 автокөлік тіркеуден өтсе, Қазақстан бюджетіне 300 млрд теңге түсер еді. Мен елге жеткізілген көліктің 70% ғана есепке алып отырмын, - деп жазды ол.

Сондай-ақ, ол шетелден көлік әкелгендер осындай жағдай болатынын біле тұра барғанын айта келе енді олар сол қаражатты төлеп тіркетуі керек деген ойын білдірді.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...