Францияда мәдениет саласының қызметкерлері ереуілге шықты

6 Наурыз 2021, 08:55
1571
Бөлісу:
Францияда мәдениет саласының қызметкерлері ереуілге шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Францияда мәдениет саласының өкілдері биліктен жұмыс істеуге рұқсат беруін сұрап, шеру өткізді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Театр, кинотеатр қызметкерлері індеттен көп уақыт бойы еңбек етпей, күнкөрісі қиындаған. Ал сала көп шығынға батқан. Осыған байланысты шерушілер биліктен мәселені шешу үшін қажетті шаралар қабылдауды талап етіп жатыр.

Айта кетейік, Францияда коронавирус індетіне байланысты мәдениет ошақтары бір жылдан бері жабық.
Егер елде жағдай осылай жалғаса берсе, театрлар сәуір айында да ашылмауы мүмкін. Біздің жұмыс істемегенімізге бір жылдан асты. Күте-күте әбден шаршадық. Билік біздің жұмысқа рұқсат беруі тиіс, – дейді театр артисі Паскаль Пениколо.

Өзгелердің жаңалығы