Тоқаев Францияның белгілі саяси қайраткерін қабылдады

8 Қараша 2019, 17:19
4073
Бөлісу:
Тоқаев Францияның белгілі саяси қайраткерін қабылдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаев француздың белгілі саяси қайраткері, "Attali and Associes" ассоциациясының президенті Жак Атталиді қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесу барысында халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, Қазақстан мен Франция арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың даму перспективалары, соның ішінде Франция президенті Эммануэль Макронның алдағы уақытта Қазақстанға жоспарланған ресми сапарының барысы талқыланды, - делінген хабарламада.

Француз саясаткері Қазақстан президентіне кездесуге мүмкіндік жасағаны үшін алғыс айтып, елімізде жүргізіліп жатқан реформаларға жоғары баға берді.



 

Өзгелердің жаңалығы