Көлікті "фураға" артқан, фураға артса турап артқан

2 Маусым 2020, 21:23
1601
Бөлісу:
Көлікті "фураға" артқан, фураға артса турап артқан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысындағы шекарашылар жеңіл көлікті Қырғызстанға өткізбек болған жүргізушіні ұстады. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

2020 жылы 1 маусымда "Айша бибі" (Жамбыл облысы) автокөлік өткізу бекетіндегі шекарашылар ұрланған "Мерседес-бенц" жеңіл көлігін Қырғызстанға алып өтпек болғандардың жолын кесті. Заңсыз шығару үшін қылмысты ұйымдастырушылар көлікті жүк көлігіне арамен кесілген ағаштардың ортасына жасырған. Жүргізушіде көлік құжаттары болмаған, - делінген хабарламада . 

Комитеттің мәліметінше, табылған жеңіл көлік Жамбыл облысының Мемлекеттік кірістер департаментіне жіберілді. 

Бұл – Айша бибі бекетіндегі көлікті жасырын алып өтпек болған екінші оқиға. ҚР ҰҚК Шекара қызметінің аумақтық бөлімшелері Қазақстан аумағынан көлікті заңсыз шығаруға жол бермеуге көңіл бөледі - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы