Футболдан Қазақстан әйелдер құрамасының бас бапкері тағайындалды

20 Қыркүйек 2020, 17:33
1418
Бөлісу:
Футболдан Қазақстан әйелдер құрамасының бас бапкері тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еуропа Чемпионатының іріктеу кезеңдеріне қазақ қыздарын Иван Азовский дайындайды, деп хабарлады Қазақстан футбол федерациясының ресми сайты.

Қазақстан әйелдер құрамасы құрлық біріншілігінің кезекті ойынына дайындықты бастады. Оқу-жаттығу жиынында ұлттық құраманың жаңа бас бапкері Иван Азвоский таныстырылды, - делінген хабарламада.

Азвоский Иван Геннадиевич футболдан Қазақстан әйелдер құрамасының бас бапкері Атырауда 1964 жылы 1 қазанда дүниеге келген. Алматыда Қазақ дене шынықтыру институтында білім алған. УЕФА-ның PRO категориясы бар бапкер. Ол «Фулхэм» және «Тоттенхэм Хотспур» футбол клубтарының білім бағдарламаларын тәмамдаған.

Бас бапкердің карьерасы төмендегідей:

1980 - 1985 – «Қайрат», Алматы;

1985 - 1992 – «Целинник», Целиноград;

1993 - 1995 – «Металлург», Магнитогорск;

1996 - 1997 – «Цесна», Ақмола.

Клубтық деңгейдегі бапкерлік қызметтері: 

1998 - 2003 – «Жеңіс», Астана, дайындық тобының жаттықтырушысы;

2004 - 2005 – «Тараз», Тараз, дене даярлығы жаттықтырушысы;

2006 – «Астана», Астана, бас бапкердің көмекшісі;

2007 – «Астана», Астана, бас бапкер;

2008 –  «Шахтёр», Қарағанды, бас бапкер;

2009 – «Жетісу», Талдықорған, бас бапкердің көмекшісі;

2010 – «Астана», Астана, бас бапкер;

2010 - 2012 – «Атырау», Атырау, дене даярлығы жаттықтырушысы;

2013 - 2014 – «Астана», жастар құрамының аға жаттықтырушысының көмекшісі;

2015 – «Жетісу», Талдықорған, бас бапкер.

Құрама деңгейіндегі бапкерлік қызметі: 

2003 – Қазақстан жастар құрамасы, аға жаттықтырушының көмекшісі;

2006 - 2008 – Қазақстан ұлттық құрамасы, аға жаттықтырушының көмекшісі;

2017 - 2018 – Қазақстан U17 жасөспірімдер құрамасы, аға жаттықтырушының көмекшісі;

2020 – Қазақстан әйелдер құрамасы, бас бапкер.


Өзгелердің жаңалығы