Гүлшара Әбдіқалықова әкім болды

28 Наурыз 2020, 10:35
2929
Бөлісу:
Гүлшара Әбдіқалықова әкім болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Гүлшара Наушақызы Әбдіхалықова Қызылорда облысының әкімі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Г.Н.Әбдіқалықованы Қызылорда облысының әкімі қызметіне тағайындау туралы

Гүлшара Наушақызы Әбдіқалықова Қызылорда облысының әкімі болып тағайындалсын.
Қазақстан Республикасының
                Президенті                                                                                                            Қ.Тоқаев
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2020 жылғы 28  наурыз
№ 295 

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының Жарлығымен Қуанышбек Досмайылұлы Ысқақов Қызылорда облысының әкімі қызметінен босатылды.

Гүлшара Әбдіқалықова

  • Туған жылы: 15.05.1965 жыл 

  • Білімі: Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтын тәмамдаған (1987), экономист. 

  • Экономика ғылымдарының кандидаты. Диссертациясының тақырыбы: «Зейнетақы қорларын капиталдандыру: проблемалары мен перспективалары (ҚР ҰЗҚ негізінде)» (2005).


1987-1994 жылдары – Қызылорда облыстық халықты әлеуметтік қорғау баскармасының аға инспекторы, бөлім бастығы;


1994-1995 жылдары – ҚР Жоғарғы кеңес комитетінің халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі комитетінің консультанты;


1995-1996 жылдары – ҚР Халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде бөлім бастығы, басқарма бастығының орынбасары;


1997-2003 жылдары – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік саясат департаментінде басқарма бастығы, директордың орынбасары, директоры;


2003-2005 жылдары – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі;


2005-2006 жылдары – «Мемлекеттік аннуитеттік компания» Өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ басқарма төрайымы;


2006-2007 жылдары – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі;


2007-2008 жылдары – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы;


2008-2009 жылдары – ҚР президентінің кеңесшісі – ҚР президенті жанындағы Отбасы істері және гендерлік саясат ұлттық комиссиясының төрайымы;


2009-2012 жылдары – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі;


2012-2013 жылдары – ҚР президентінің кеңесшісі, ҚР президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат ұлттық комиссиясының төрайымы;


2013 жылы – ҚР премьер-министрінің орынбасары;


2014 жылдың қарашасында Қазақстан Республикасының мемлекеттік хатшысы болып тағайындалды. 


2019 жылдың қыркүйек айынан бастап ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты

Өзгелердің жаңалығы