“Гарант-24” ломбардының жетекшісі ұсталды

29 Ақпан 2020, 12:41
1622
Бөлісу:
“Гарант-24” ломбардының жетекшісі ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 27 ақпан күні “Гарант-24” компаниясының жетекшісі ұсталды.

Рolisia.kz  сайтының хабарлауынша, Аслан Мызрабеков 21 қаңтар күні Ақтөбеден шығып, Орынборға барған. Кейін ары қарай Мәскеуге шығып кетіп, ол жақтан Кишиневке пойызбен жеткен.

Қазақстанның арнайы сұрауы бойынша, молдавалық полицейлер Мырзабековты қолға түсірген. Қазіргі уақытта оны Қазақстанға экстрадициялау жөнінде шешімдер қабылданып жатыр, - делінген хабарламада. 
Естеріңізге сала кетейік, Ақтөбе облысы Полиция департаменті "Выгодный займ" ЖШС-ның жетекшісі Ж. Т.Есіркеповті ұстағанын хабарлаған болатынбыз.
Өзгелердің жаңалығы