Гарри ханзада тақтан бас тартқанына налыды

20 Қаңтар 2020, 16:18
2106
Бөлісу:
Гарри ханзада тақтан бас тартқанына налыды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Гарри ханзада тақтан бас тартқанына налыды. Ол Sentebale қайырымдылық ұйымының шарасында көңілі түсіп отырғанын айтты. 

Сөйлеген сәтінің видоесы герцог пен Меган Маркл герцогиняның Instagram-дағы ресми аккаунтында жарияланды.

Гарри қаржыландырудан бас тартса да, корольдікте қызмет етуді қалаған. Ол осыған байланысты көңіл-күйі түскенін және мұндай шешім қабылдаудың қаншалықты қиын болғанын айтты. Сонымен қатар, Герцог өзінің шешімінің дұрыстығына сенімді.  

Бірнеше айдан бері күресіп келе жатқанын және тақтан бас тартуға мәжбүр болғанын жасырмады. Қандай жағдай болмасын, оның Ұлыбританияға деген махаббаты ешқашан өзгермейтінін де атап өтті.

Бұған дейін, Гарри мен Меган тақтан айырылып қалғаны белгілі болды. Осы көктемнен бастап, жұбайлар корольдік міндеттерді орындамайды және Жоғары мәртебелі атымен аталмайды.

Өзгелердің жаңалығы