Геология өзекті проблема – қорларды толықтыру деңгейі төмен

18 Ақпан 2020, 09:46
3823
Бөлісу:
Геология өзекті проблема – қорларды толықтыру деңгейі төмен

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елдегі кен орындарынан қазбаны алғаннан кейін орнын қайта толтыру деңгейі тиісті дейгейде іске аспайды.

Ал жаңа кен орындарын ашу үшін оған, кемінде, 10-15 жыл керек. Сондықтан геологиялық барлау жұмыстарын қазірден бастау керек. Мұндай уәжді Үкіметтің кезекті отырысында экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев айтты.

Геологиялық саланың алдында тұрған өзекті проблемалардың бірі – қорларды толықтыру деңгейінің төмендігі. Геологтар "бір тонна өндірсең, барлау жасап, орнына екі тоннамен толтыр" деген қағиданы ұстанады. Бірақ бүгінгі күні қорлардың өсім деңгейі коэффиценті қатты пайдалы қазбалар бойынша 0,13, ал көмірсутек шикізаты бойынша 0,9. Сондықтан да жаңа кен орындарын ашу және оны іске қосу үшін, кем дегенде, 10-15 жыл кететінін ескере отырып, геологиялық барлау жұмыстарын қазірден бастап жандандыру қажет, - деді министр.

Үкімет мүшесінің айтуынша, Қазақстанда геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу үшін шетелдік 17 млрд теңге инвестиция тартылған.

Қостанай облысының, Орталық пен Шығыс Қазақстан арасындағы аумақтардың және Қырғызстанға іргелес еліміз оңтүстігінің алтын кен орнына потенциалы зор. Қорғаныс пен мырыштың жаңа кен орындары Қазақстанның орталық, оңтүстік және кенді Алтай өңірлерінде ашылуы мүмкін. Сонымен қатар, бұл аудандарда вольфрам, молибден, альюминий, қалайы және сирек кездесетін элементтер кен орындарын ашуға мүмкіншілік бар. Бүгінгі күні геологиялық баралуды жүргізуге ірі шетелдік инвесторларды тартуды оң тәжірибе қалыптасуда. Соңғы үш жылда 75 мың шаршы километр болатын аумақта геологиялық зерттеу жұмыстары жүргізілді. "Қазгеология" ұлттық компаниясы "Қазақмыспен" бірігіп, ірі "Дүйсенбай қорғасын-мырыш" "Ульмос" қорымен біріге "Бесшоқы" кенорындарын ашты. Балқаш қаласының маңында "Риотинтамен" бірлесе отырып, "Прибрежный" кен орнын ашып, қазіргі уақытта барлау-бағалау жұмыстарын жалғастыруда. Осы бағытта 17 млрд теңге көлемінде инвестиция тартылды, - деді министр.

Бұған дейін министр Мырзағалиев елдегі кен орындарындағы қорлардың, әсіресе, мұнай қорының таусылып бара жатқанын айтқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы