Германия COVID-19-дың екінші толқыны басталғанын хабарлады

4 Тамыз 2020, 19:35
2275
Бөлісу:
Германия COVID-19-дың екінші толқыны басталғанын хабарлады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Marburger Bund төрағасы елдегі ауруханалар коронавирустың екінші толқынына дайын екеніне сендірді.

Германияда коронавирустың екінші толқыны басталды. Бұл туралы неміс дәрігерлері бірлестігінің төрағасы Marburger Bund Сузанна Йона Augsburger Allgemeine газетіне берген сұхбатында айтты.

Біз вирус өсімінің екінші толқынын бастан өткеріп жатырмыз. Бірақ, өсім деңгейі наурыз-сәуір айларындағы бірінші толқынмен салыстырғанда әлсіз, - деді Йона.

Вирус жұқтырудың жаңа жағдайлары инфекцияға қарсы вакцина табылғанға дейін өсе бермек, сондықтан індеттің таралуын тежеу қажет екенін ескертті.

Marburger Bund төрағасы елдегі ауруханалар коронавирустың екінші толқынына дайын екеніне сендірді.

Worldometer порталының мәліметтері бойынша, Германияда COVID-19 ауруының 212 320 жағдайы тіркелді, 194 700 адам жазылып шықса, 9232 адам қайтыс болған.

Бұған дейін, 29 шілдеде Еуропа елдері коронавирустық инфекцияның екінші толқынының келуіне белсенді дайындала бастағаны туралы хабарланған болатын.

Бельгия үкіметі COVID-19 жағдайларының жаңа ошағы пайда болғаннан кейін жаңа шектеу шаралары туралы ескертті. Каталония билігі егер 10 күн ішінде аурудың өршуін бақылауға алу мүмкін болмаса, тиісті қадамдарға баратындығын жоққа шығармады.

Франция билігі COVID-19 жағдайының жастар арасында күрт өсуінен кейін қырағылықты арттыруға шақырды.

Өзгелердің жаңалығы