Головкин - Альварес жекпе-жегі қай салмақта өтеді

5 Маусым 2020, 20:08
1709
Бөлісу:
Головкин - Альварес жекпе-жегі қай салмақта өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің бапкері Джонатон Бэнкс мексикалық Сауль Альвареспен өтуі мүмкін үшінші жекпе-жек жайлы ойын айтты, деп жазады Prosports.kz.

Жаттықтырушының ойынша,  жекпе-жек екінші орта салмақта өтсе, Головкин үшін тиімді болады.

Әрине, Геннадий болашақта Сауль "Канело" Альвареспен қайтадан кездесуді қалайды. "Канело" – тәжірибелі боксшы, сондықтан оны қаймықтыратын өзгеше амал табудың өзі қиын. Алайда біз қалайда "Канеломен" алғашқы екі жекпе-жектен басқаша мәнер көрсететін боламыз. Менің ойымша, Головикн Альвареспен 160 фунт (орта салмақ) немесе 168 фунт (екінші орта салмақ) дәрежесінде жекпе-жек өткізуге қарсы емес. Егер кездесу 168 фунт салмақ дәрежесінде өтсе, бұл Головкин үшін артықшылық болар еді деп ойлаймын, өйткені ол қарсыласынан сәл ұзынырақ, - дейді Бэнкс.

Айта кетейік, Сауль Альварестің бойы - 175 см, ал Геннадий Головкиннің бойы - 179 см.

Еске сала кетейік, "Канело" мен GGG арасындағы алғашқы жекпе-жек 2017 жылдың қыркүйегінде Лас-Вегаста өтті. Ол кезде тең нәтиже тіркелді. Қос қарсылас араға тура бір жыл салып қайта кездескен. Ол жолы мексикалық төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.

Өзгелердің жаңалығы