Елордада «Горбатый» аталып кеткен көпір құлады

20 Қыркүйек 2020, 15:23
1363
Бөлісу:
Елордада «Горбатый» аталып кеткен көпір құлады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада монтаждау жұмыстарын жүргізу кезінде Алаш шоссесі бойында орналасқан көпір теміржол бойына құлады.

Оқиға орнында жолды тазарту жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, көпірді демонтаждау жұмыстары да жалғасуда. Пойыз қозғалысы тоқтаған жоқ. Көпірдегі қозғалыстың тек сол жақ бөлігі ғана жабылды. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Наурыз айында жолды тексеру кезінде ақаулар анықталып, көпірмен жүруге шектеу қойылып, ол апатты деп танылды. Құрылыстың техникалық жағдайын тексеру нәтижесінде көпірдің бір бөлігі жабылды, - деп хабарлады астаналық ТЖД баспасөз қызметі.


Өзгелердің жаңалығы