Бас жаңалықтар
Гриффитс азаматтық авиацияны басқару саласындағы реформа туралы айтты
06 Мамыр 2021, 15:25 445

Гриффитс азаматтық авиацияны басқару саласындағы реформа туралы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Соңғы 3-4 жылда Елбасының «100 нақты қадам - Ұлт жоспарының» 68-қадамы аясындағы тапсырмасын және Президенттің тапсырмаларын орындау мақсатында азаматтық авиацияны басқару тәсілдеріне түбегейлі реформа жүргізілді. Бұл туралы Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің бас директоры Питер Гриффитс айтты.

Қабылданған шаралар бақылау мен қадағалаудың тиімділігін арттыруға, Қазақстанның азаматтық авиациясының халықаралық аренадағы имиджін жақсартуға мүмкіндік берді. «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ құрылды, оның негізгі функциясы ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздік саласындағы техникалық бақылау мен қадағалау болып табылады, - деді Гриффитс.

Ол атағандай, мұндай тәсіл Қазақстанда және ТМД елдері арасында алғаш рет енгізілді.

Басқарудың ұқсас үлгісі еуропалық азаматтық авиация агенттігінің (EASA) барлық елінде таралған, дамыған елдерде қолданылады және оны халықаралық азаматтық авиация ұйымы мойындады. Азаматтық авиация саласын реттеудің жаңа үлгісі ИКАО құжаттарына толық сәйкес келеді және біздің заңнамаға қайшы келмейді. Азаматтық авиация саласындағы билікті қалыптастыратын мемлекеттік функциялар Азаматтық авиация комитетінде қалады: Мемлекеттік саясатты анықтау, нормативтік құқықтық актілерді қабылдау, тарифтік реттеуді жүзеге асыру, стратегияны анықтау және уәкілетті ұйымның басшылығын тағайындау. Бұл тәсілді енгізу кезінде реттеуші мен мемлекеттік саясатқа жауапты органның функцияларын бөлу бойынша әлемдік тәжірибе ескерілді. Мұндай үлгі озық халықаралық тәжірибеге сәйкес келеді, - деді Питер Гриффитс.
Ол атағандай, АҚШ-та көлік саясатын көлік басқармасы жүзеге асырады, ал Федералды азаматтық авиация басқармасы бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асырады.
Францияда саясатқа көлік, теңіз және балық шаруашылығы министрлігі жауапты, ал бақылау-қадағалау қызметін Азаматтық авиацияның бас директораты (DGCA) жүзеге асырады. Ұқсас үлгі Сингапур, БАӘ, Австралия, Жаңа Зеландия, Чехия және басқа елдерде қолданылады. Осы тәсілмен ұшу қауіпсіздігі бойынша ИКАО стандарттарына сәйкестік деңгейі: АҚШ-та – 91%, Францияда – 95%, Сингапурда – 98%, БАӘ-де – 98%, Австралияда – 83%, Жаңа Зеландияда – 84%, Чехияда – 91% құрайды. ИКАО аудитінің (2017) қорытындысы бойынша Қазақстанның ұшу қауіпсіздігі стандарттарына сәйкестік деңгейі 74% құрайды. Бұл нәтиже әлемдік орташа деңгейден жоғары (63%) және іс жүзінде еуропалық орташа деңгейге (76%) сәйкес келеді. Авиациялық қауіпсіздік бойынша Қазақстанның ИКАО стандарттарына сәйкестік деңгейі 83% құрайды, бұл орташа әлемдік деңгейден 11% жоғары, - деді ол.

Питер Гриффитс атап өткендей, Қазақстанның авиациялық әкімшілігін құрудың арқасында 2009 жылғы аудит барысында анықталған ИКАО-ның негізгі ескертулерін сәтті жоюға мүмкіндік туды.

Білікті қызметкерлердің жетіспеушілігі салдарынан әуе компаниялар мен әуе кемелерін сертификаттауды бақылау тиімділігінің төмендігі байқалды. Белгілі бір дәрежеде ол декларативті түрде жүргізілді, яғни адамдар ұшақты тексеру, ұшуға жарамдылығын ұзарту үшін орынға шықпады, бірақ оны жеткілікті біліктілігі болмаса да қағаз жүзінде жасады. Енгізілген үлгі сертификаттау мен бақылауды жүргізу сапасын арттырды. Еңбек жағдайларын жақсарту Қазақстанның авиациялық әкімшілігіне салада бәсекеге қабілетті болуына мүмкіндік берді және жоғары білікті деңгейдегі азаматтық авиация мамандарын тартуға мүмкіндік берді. Авиациялық инспекторларға тұрақты оқыту, біліктілікті арттыру кешені және сала кәсіпорындарымен тең еңбек жағдайлары қамтамасыз етілуді, - деді Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің бас директоры.

Питер Гриффитс айтып өткендей, мұндай мамандар жергілікті мамандар арасынан жаңа кадрларды тәрбиелеуге оң әсер етеді және тәжірибе алмасуға ықпал етеді.

Күрделі мәселелер туындаған сәтте жаңа модель жеделділік пен икемділік танытып, сол арқылы өзінің дәйектілігі мен тиімділігін дәлелдеді. Оң нәтижелер, соның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар және объективті және тәуелсіз шешім қабылдауды қамтамасыз етпеген инспекторлар мен авиакәсіпорындар арасындағы қалыптасқан байланыстарды жою арқасында мүмкін болды, - деді Гриффитс.

Оның айтуынша, авиациялық әкімшілік құзыретті, объективті және сыртқы факторларға тәуелсіз жұмысты көрсетуде.

2009 және 2016 жылдардағы ИКАО аудитінің қорытындылары бойынша ең төмен көрсеткіштердің бірі авиациялық оқиғалар мен инциденттерді тексеру бағыты болып табылатынын атап өту маңызды. Бұл мәселеге бірнеше рет назар аударылды және тергеуге жауапты тиісті бөлімді күшейту қажеттілігі айтылды. Қазіргі уақытта алдағы ИКАО аудитінен сәтті өту мақсатында осы бағыттағы жұмыстың тиімділігін арттыру мәселесі пысықталуда. Түрлі нұсқалар қарастырылуда, оның ішінде ҚР ИИДМ авиациялық оқиғалар мен инциденттерді тексеру жөніндегі басқармасының функцияларын мемлекетаралық немесе өңірлік оқиғаларды тексеру органына (мысалы, Мемлекетаралық авиация комитетіне) беру. Осы мәселені толық зерттегеннен кейін тиісті шешім қабылданады, - деді ол.



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...