Бас жаңалықтар
Гүлмира Исаева қызметінен босатылды
22 Қазан 2020, 18:51 1481

Гүлмира Исаева қызметінен босатылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Исаева Гүлмира Сұлтанбайқызы берген өтінішіне сәйкес ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметінен босатылды.  

Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі хабарлайды. 

Гүлмира Исаева 1969 жылы Алматы облысында дүниеге келген. 

1991 жылы Семей ет және сүт өнеркәсібі технологиялық институтын, 2010 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетін тәмамдаған. Мамандығы – инженер-технолог. 

Еңбек жолын 1991 жылы бастаған. 

1991-2010 жылдары аға оқытушы, аспирант, бас маман, кіші, аға ғылыми қызметкер, бас технолог, зоотехник-селекционер болып қызмет етті.  

2010-2012 жылдары ұлттық компанияларда жұмыс істеген.  

2012-2017 жылдары ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметін атқарды.   

2017 жылдың қазан айынан 2018 жыл аралығында ҚР Премьер-министрінің кеңесшісі болды.  

2018 жылы қаңтар айында АШМ вице-министрі қызметіне тағайындалды. 


Фото: дереккөз
Загрузка...