«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы қалай жүзеге асуда?

3 Желтоқсан 2020, 19:36
2423
Бөлісу:
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы қалай жүзеге асуда?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы» аясында Жамбыл облысында ауқымды жұмыстар атқарылуда.

Бұл туралы Жамбыл облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департамент басшысы Әділхан Хасымханұлы «AntikorLive» жобасы аясында берген сұқбат барысында айтты.

Әділхан Хасымханұлының айтуынша, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы» аясында облыстағы мемлекеттік органдармен тығыз байланыс орнатып, олардың барынша ашық, айқын болуға және қоғам алдында есеп беруге бағытталған трансформациялау жұмыстарын жүргізіп отыр.

Атап айтсақ, Жамбыл облысында қалалық және аудандық әкімдіктердің 90%-ы қызмет көрсетудің сервистік үлгісіне көшті. Онда тұрғындаға, қызметтер бір терезе қағидаты бойынша жүзеге асырылады. Сондай-ақ, азаматтарға қол жетімді және ашық болу мақсатында 52 мемлекеттік органдар мен мекеме басшыларының кеңселері «open space» форматына көшсе, 305 басшы өз кеңселерін 1 қабатқа ауыстырды. Бұл өзгерістер мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы мен айқындығының дәрежесін арттыруға мүмкіндік берді, – деді ол.

Сондай-ақ ол агенттікпен әзірленген «ANTIKOR LIVE» жобасы азаматтармен кері байланыс орнатудың тетігі болып отырғанын айтты.

Мысалы, аталған жоба аясында 267 тікелей эфир ұйымдастырылып, 243 спикерлер, яғни мемлекеттік орган басшылары, мекеме директорлары, қоғам өкілдері, арнайы мониторингтік топ мүшелері қатарынан сұхбат берілді. Қаралым саны 345,0 мың адамды құрады. Аталған іс-шара аясында мемлекеттік органдардың жұмысы, пандемия жағдайындағы оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру, әлеуметтік төлемдер, аймақ бюджеттеріңің ашықтық индексі, дәрі-дәрмек және дәрілік заттарды сату, мектеп оқушыларының жабдықтармен қамту және т.б. актуалды тақырыптар қозғалды, – деді Хасымханұлы. 

Ашықтық демекші, тұрғындар тарапынан әлеуметтік объектілер мен инфрақұрылымның бюджетін пайдаланудың тиімділігін бағалау мақсатында «Ашық бюджеттердің интерактивті картасы» жобасы жұмыс жасап келеді (publicbudget.kz). Аталған карта арқылы облыстың әрбір тұрғыны бюджеттік ақшаның қалай, не үшін және қанша мөлшерде жұмсалатынын көре алады. Қазіргі уақытта картада Жамбыл облысының 1042 мемлекеттік ұйымдары жалпы сомасы 856,0 млрд.теңгеге өз бюджеттерін орналастырды.

Карта аясында мемлекеттік органдар және қоғам белсенділері арасынан арнайы клуб құрылып отыр, аталған клубпен апта сайын бюджеттін игерілуі барысында орын алған мәселелер талқыланып келеді. Әр бір азамат қандай да бір бюджеттің игерілімі бойынша қоғамдық мониторинг жасаған болса, оның қорытындысын аталған клуб жұмысына ұсынып, әрі қарай оны бірлесіп қарауға мүмкіндік жасап отырмыз, – деді Жамбыл облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департамент басшысы Әділхан Хасымханұлы.

Өзгелердің жаңалығы