Халықаралық әуе рейстері жолаушыларының барлығы ПТР анықтамасымен келген

8 Мамыр 2021, 10:44
4866
Бөлісу:
Халықаралық әуе рейстері жолаушыларының барлығы ПТР анықтамасымен келген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитеті 2021 жылдың 7 мамырында халықаралық авиарейстермен келген жолаушылар бойынша ақпаратты жария етті.

2021 жылдың 7 мамырында Қазақстан Республикасының аумағына БАӘ, Қытай, Грузия, Беларусь, Украина, Түркия, Ресей Федерациясы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 25 халықаралық әуе рейсі келді.

Өткен тәулікте 3 484 авиажолаушы келді. Оның ішінде:

Алматы қаласының әуежайына – 10 рейс, 1 759 жолаушы;

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 9 рейс, 1 066 жолаушы;

Шымкент қаласының әуежайына – 2 рейс, 298 жолаушы;

Атырау қаласының әуежайына – 1 рейс, 140 жолаушы;

Ақтау қаласының әуежайына – 2 рейс, 78 жолаушы;

Түркістан қаласының әуежайына – 1 рейс, 143 жолаушы.

Барлық жолаушы COVID-19-ға ПТР тестілеу туралы анықтамамен келген, - делінген комитет хабарламасында.
Өзгелердің жаңалығы