Халықаралық қауымдастық бұл күйзелістен де жеңімпаз болып шығатынына сенімдімін – Елбасы

30 Қараша 2020, 16:05
1905
Бөлісу:
Халықаралық қауымдастық бұл күйзелістен де жеңімпаз болып  шығатынына сенімдімін – Елбасы
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Нұрсұлтан Назарбаев» қоры мен Әлемдік экономика және саясат институты бірлесіп халықаралық қауіпсіздік және жаһандық ядролық диалогті қайта бастау мәселелері бойынша халықаралық онлайн конференция ұйымдастырды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ядролық кеңестің қатысушыларына бейнеүндеуін жолдады. 

COVID-19 пандемиясы әлемге айтарлықтай дағдарыс алып келді. Алайда адамзат тарихында одан да алпауыт тәуекелдер болды, оларды жеңіп шықты. Халықаралық қауымдастық бұл күйзелістен де жеңімпаз болып шығатынына сенімдімін. Биыл әлем қаралы датаны атап өтті. 75 жыл бұрын алғаш рет ядролық қару қолданылды. Одан бері қанша ұрпақ тәрбиеленіп шықты. Хиросима мен Нагасаки оқиғасы біртіндеп ұмытыла бастады. Алайда жаһандық ядролық сәулеттің сараптамасы көрсеткендей, бұл – қате әдіс, - деді ол. 
Назарбаев атап өткендей, ядролық арсеналдың 90 пайызы тиесілі АҚШ пен Ресейдің қарым-қатынасы  өте төмен нүктеде орналасқан. 
Бейжің мен Ваншингтон арасында  қарама-қайшылық туындап отыр. АҚШ-тың бірлескен шаралар жоспарынан шығуы Иран және Солтүстік Корея ядролық торабын шешу жолында жаңа кедергілерді туындатты, - деді ол. 
Елбасы Қазақстан Президенті болып тұрған кезде сыртқы саясаттың басым бөлігін ядролық қарудан тәуелсіз ел болу үшін жұмыс істегенін айтты. 

Оған бірқатар себеп болды. Қазақстан Семей полигонының барлық сынағын басынан өткерді. Оның аясында 1,5 млн адам жапа шекті. Менің бұйрығым бойынша, әлемдегі ең ірі полигонның бірі 1991 жылдың 29 тамызында жабылды. Бұл адамзат тарихындағы ядролық сынақты жүзеге асырау бойынша алғашқы шешім болды. Бұл шешім жаһандық қолдауға ие болды. 1996 жылы оның аясында ядролық қаруды қолданбау туралы келесім пайда болды. Қазақстан бастамасы бойынша 2010 жылдың  29 тамызын БҰҰ  Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы күн деп жариялады. Бұл күн әлем бойынша мерекеленеді, - деді Елбасы.



Айта кетейік, іс-шараның басты мақсаты ядролық қауіпсіздік және ядролық қарудан азат әлем үшін жаһандық көшбасшылар альянсын (ГАЛ) құруды ілгерілету болды. Бұл - Астана клубының 5-отырысы барысында Нұрсұлтан Назарбаев жариялаған бастама.

Өзгелердің жаңалығы