Халықаралық «Жыл волонтері» байқауына өтінім қабылдау басталды

27 Қазан 2020, 13:01
1710
Бөлісу:
 Халықаралық «Жыл волонтері» байқауына өтінім қабылдау басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Егер Сіз волонтер немесе волонтерлік ұйым өкілі болсаңыз, онда Сіз ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жариялаған «Жыл волонтеры» халықаралық конкурсына қатыса аласыз.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, ҚР Президентінің бастамасымен «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығы тағайындалды.

Халықаралық сыйлық әлеуметтік және қоғамдық пайдалы міндеттерді шешуге үлес қосқан отандық және халықаралық волонтерлер мен волонтерлік топтарды қолдауға бағытталған.

2020 жылғы 26 қазанда өтінімдерді қабылдау басталды.

Егер аталмыш конкурс Сізді қызықтырса және конкурсқа қатысуды жоспарлайтын болсаңыз, келесі сілтеме арқылы өтініш жіберіп, qazvolunteer.kz интернет-платформасында волонтерлік қызмет туралы мәліметтерді толтыруыңыз керек: award.qazvolunteer.kz. Өтінімдер 2020 жылғы 15 қараша сағат 09:00-ге дейін жалғасады. Байқау шарттары туралы толық мәліметпен мына жерде таныса аласыз, - делінген министрлік мәліметінде.


Өзгелердің жаңалығы