Халықтың 92 пайызы сапалы ауыз сумен қамтылған

27 Қазан 2020, 09:25
825
Бөлісу:
Халықтың 92 пайызы сапалы ауыз сумен қамтылған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Соңғы 20 жылда халықты сумен қамту көрсеткіші 92,8 пайызға жетті. Бұл туралы бүгін Үкіметтің онлайн отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов мәлім етті.

Оның айтуынша, елді мекендерді сумен қамту және су желілерін дамыту саясаты соңғы жиырма жылда мақсатты түрде жүргізілді. Сумен қамту, «Ақбұлақ» және «Нұрлы жер» бағдарламалары аясында 48 мың шақырымнан астам инженерлік желі салынды.  

Биыл 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» бағдарламасы іске асыруға кірістік. Осы бағдарлама аясында 2025 жылға қарай ел халқын толықтай сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету міндеті тұр. Елбасы тапсырмасына орай сумен қамтуға жыл сайын 100 млрд теңге қаражат бөлінеді. Биыл республикалық бюджеттен  ауылдар мен қалаларды сумен қамту мен су желілерін дамытуға  113,6 млрд теңге бөлінді. 103 жоба іске асырылуда, - деді ол. 

Министр мәліметіне сәйкес, бағдарлама қорытындысы бойынша орталықтандырған суға қол жеткізу көрсеткіші қалаларда 97,5 пайыз, ауылдарда 87,7 пайызға жеткізу жоспарланған.

Өзгелердің жаңалығы