Халықтың психолог мамандарға деген сұранысы артты

3 Желтоқсан 2020, 14:46
1410
Бөлісу:
Халықтың психолог мамандарға деген сұранысы артты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Пандемия кезеңінде халыққа психологиялық қолдау көрсету» тақырыбы аясында өткен онлайн кездесу кезінде Алматы қаласы психикалық денсаулық орталығының директоры Сапар Рахменшеев айтты.

Біздің орталықта 2015 жылдан бастап сенім телефоны іске қосылған болатын. Өткен жылмен салыстырғанда биыл түскен қоңырау саны көп. Бұл – халықтың психолог мамандарға деген сұранысының артқанын көрсетеді. Жалпы, бізге жиі түсетін сұрақтардың бірі – адамдар арасындағы үрейдің көбеюі. Яғни, COVID-19 пандемиясына байланысты түрлі үрейдің қалыптасуы. Мұндайда ең алдымен айтарым, қорқынышты мәліметтерді санаға жинай берудің қажеті жоқ. Екіншіден, құзырлы органдар ресми мәлімет таратпайынша, жалған ақпаратқа сенбеңіздер деген кеңес айтамын. Сонымен қатар, бұл дерт жайлы көп ойлай берудің де керек жоқ. Бастысы, маска тағып, жеке гигиена ережелерін ұстанып, әлеуметтік қашықтықты сақтауды ұмытпаңыз, - дейді ол. 

Сапар Рахменшеев орталыққа көбіне күйзеліске тап болғандар хабарласатынын айтады.

Күйзеліс негізі  жұмыстың жоқтығынан, қаражаттың аздығынан пайда болады. Содан кейін көздеген мақсатына жете алмай жүргендер арасында немесе әйелінен, күйеуінен ажырасып кеткендер арасында депрессияға тап болатындар бар. Осындай жағдайларда көбіне орталық психологтарының көмегіне жүгінеді, - дейді дәрігер.

Өзгелердің жаңалығы