Хоккейден әйелдер арасындағы әлем чемпионаты өткізілмейтін болды

22 Сәуір 2021, 23:50
1195
Бөлісу:
Хоккейден әйелдер арасындағы әлем чемпионаты өткізілмейтін болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Хоккейден әйелдер арасындағы әлем чемпионаты өткізілмейді. Бұл туралы Халықаралық шайбалы хоккей федерациясының баспасөз қызметі хабарлады. 

Әлемдік турнир 6-17 мамыр аралығында Канадада өтуі тиіс еді.

Әйелдер арасындағы әлем чемпионаты өтпейтін болды. Бізге мұндай шешім қабылдау қиын, – дейді IIHF басшысы Рене Фазель. 
Әлем чемпионатын қабылдайтын Жаңа Шотландия провинциясы коронавирус індетіне байланысты турнирді өткізуден бас тартқан.

2020 жылы өтуі тиіс турнир қатарынан екінші рет ұйымдастырылмай отыр. 2022 жылы Олимпиада ойындарына байланысты әлем чемпионаты өткізілмейді. 


Өзгелердің жаңалығы