IBU індетке байланысты түрлі нұсқаларды қарастырып жатыр

1 Тамыз 2020, 11:36
1141
Бөлісу:
IBU індетке байланысты түрлі нұсқаларды қарастырып жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Халықаралық биатлоншылар одағының (IBU) атқарушы комитеті алдағы маусымда індетке байланысты орын алуы мүмкін өзгерістерді талқылды, деп хабарлады olympic.kz.

IBU бірінші кезекте спортшылардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне көңіл бөлуде. Сол себепті, маусымды қандай да бір қауіп-қатерсіз өткізу басты мақсат саналады.  Алдағы уақытта жағдайдың өзгеруі мүмкін екенін IBU жақсы түсінеді, сондықтан, түрлі нұсқаларды қарастырып жатырмыз, - делінген хабарламада.
  
Айта кетелік, жақында алдағы маусымға қатысты жарыс күнтізбесі бекітілді.

Өзгелердің жаңалығы