ИИДМ Бармақовтың тағайындалуын «түсінбеушілік» деп түсіндірді

12 Мамыр 2021, 18:08
1362
Бөлісу:
ИИДМ Бармақовтың тағайындалуын «түсінбеушілік» деп түсіндірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автожолдар комитетінің бұрынғы төрағасы Сайранбек Бармақовты «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ Алматы облыстық филиалының басшысы қызметіне тағайындау туралы хабарламаны «түсінбеушілік» деп атады.

Автомобиль жолдары комитетінің бұрынғы төрағасын тағайындау туралы жаңалыққа қатысты түсініспеушілік болды. Уақытша қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз. Сайранбек Бармақов «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ Алматы филиалының директоры қызметіне тағайындалмаған. Бұл орын бос, - деді ИИДМ баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, Сайранбек Бармақов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сынынан кейін Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы қызметінен босатылды. Бармақовты «саладағы бақылауды әлсіреткені үшін» қызметінен босату туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли 20 сәуірде жариялаған болатын.


Өзгелердің жаңалығы