ІІМ есірткі сатумен айналысқан Mad Men тобы туралы пікір білдірді

21 Маусым 2021, 12:08
3351
Бөлісу:
ІІМ есірткі сатумен айналысқан Mad Men тобы туралы пікір білдірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Халықаралық нашақорлықпен күрес күні» тақырыбында өткен брифингте ІІМ ЕҚҚІД басқарма бастығы, полиция полковнигі Бақытжан Әмірханов айтты.

Алматы қаласында Mad Men әншілер тобы ұсталды. Оның 8-і ұсталып, 4-еуі жауапқа тартылды. Олар есірткіні өздері жасап, сатумен айналысқан. Олардан 1,3 келі мефедрон тәркіленді. Ол топтарды жастар тыңдайды. Олар таныстарын пайдаланып, интернет арқылы есірткі заттарын сатқан. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, - деді Бақытжан Әмірханов.

Әмірханов атағандай, ел ішінде синтетикалық есірткі түрлерін жасайтындар көбейген.

Қарағанды облысында наурыз айында қылмыстық топ ұсталды. Олар ұйымдасып, әр қалада зертханалар жасақтаған. Тергеу барысында 4 келі мефедрон тәркіледік. Оның құрамында тыйым салынған химиялық заттар да болды, - деді ол.

Айта кетейік, Mad Men - 2017 жылы 8 шілде күні «Бір қадам» атты әнімен сахна табалдырығын аттаған отандық бойз-бэнд. Продюсерлік орталығы – MM Entertainment компаниясы. Mad Men тобының фанүйі Mad Wave («Ессіз толқын») деп аталады.

Өзгелердің жаңалығы