Індетпен күрес: Қытайдағы қазақстандық студенттер отандастарына қолдау білдірді

2 Сәуір 2020, 11:14
1467
Бөлісу:
Індетпен күрес: Қытайдағы қазақстандық студенттер отандастарына қолдау білдірді
VIDEO

Нұр-Сұлтан. BAQ.KZ тілшісі. Қытайда оқып жатқан қазақстандық студенттер мен олардың оқытушылары қазақстандықтарды пандемиямен күресте қолдау мақсатында видео түсірді.

Қытайдағы Чжэцзян қаржы және экономика университетінде Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуын зерттейтін алғашқы ғылыми-зерттеу орталығы жұмыс жасайды. Қазақстандағы жағдайға олар да бейжай қарай алмайтындығын білдіріп, пандемиямен күресте моральдық тұрғыда қолдау көрсету мақсатында видео түсірді.
Қытайдағы Чжэцзян қаржы және экономика университеті сіздермен бірге. Бекем болыңыздар!, – деді қазақстандық студент.

Сондай-ақ, осындай қиын сәтте университет студенттерді тегін тамақпен қамтамасыз еткенін айтты.
Университетіміз қиын-қыстау кезеңде бізді үш мезгіл тегін азық-түлікпен қамтамасыз етті. Қауіп-қатерден қорғап, қамқорлық танытты, – деді Қытайдағы қазақстандық студент.

Осы ретте университет оқытушылары да қазақстандықтармен бірге екендерін сөз етті.
Чжэцзян қаржы-экономикалық университеті Қытайда Қазақстан экономикалық және әлеуметтік зерттеу орталығын ашты. Енді біз Қазақстандағы 6 университетпен тығыз байланыста жұмыс істеп жатырмыз. Қазақстан мен Қытай достығы мәңгілік. Әлемдік індетті бірге жеңеміз. Қазақстан алға!, – деп айтты университет өкілдері.



Өзгелердің жаңалығы