Индонезияда көпір құлады: 9 адам қаза тапты

20 Қаңтар 2020, 20:30
1423
Бөлісу:
Индонезияда көпір құлады: 9 адам қаза тапты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Көпір су тасқыны салдарынан құлады. Зардап шеккендерді құтқару үшін жүздеген маман жұмылдырылды. Бір адамды іздеп жатыр.

Индонезияның Суматра аралында аспалы көпір құлады. Салдарынан 9 адам қайтыс болды, 17 адам зардап шекті. Бұл туралы 20 қаңтарда жергілікті төтенше жағдайлар қызметіне сілтеме жасап Синьхуа агенттігі хабарлады.

Төтенше жағдай Бенкулу провинциясында сағат 15.00-де болды. Нөсер жауын салдарынан тасқын болып, көпір құлады. 

Көпір құлағаннан кейін тоғыз адамның мәйіті табылды, - деді провинциядағы іздеу-құтқару басқармасының басшысы Абдул Малик.
Сонымен қатар бір адам жоғалған.
Өзгелердің жаңалығы