Алматылықтардың сақтандыру жарнасы 81 млрд теңгеден асты

30 Қыркүйек 2020, 19:22
1407
Бөлісу:
Алматылықтардың сақтандыру жарнасы 81 млрд теңгеден асты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2017 жылдың 1 шілдесі мен 2020 жылдың 29 қыркүйегі аралығында Медициналық сақтандыру қорына 421,8 млрд теңгеге жуық қаржы жинақталды. 

Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы қалалық филиалы хабарлады.         

Жарналар мен аударымдардың көлемі жағынан Алматы қаласы көш бастап тұр – жинақталған соманың бестен бір бөлігі бұрынғыша, оңтүстік астананың еншісінде. Жалпы, сақтандыру жүйесі іске қосылған 2017 жылдың 1 шілдесінен 2020 жылдың 29 қыркүйегіне дейінгі аралықта Алматы қаласынан қорға 81,2 млрд теңгеден астам жарна аударылды. Оның 67,9 млрд теңгесі жұмыс берушілердің қарамағындағы жұмыскерлер үшін жасаған аударымдары болса, қалған 13,3 млрд теңге – жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт бойынша еңбек ететіндерге тиесілі, - деді филиал директоры Тлеухан Әбілдаев.

Сондай-ақ бірыңғай жиынтық төлеушілер саны да артып келеді. Алматы қаласы бойынша 2019 жыл басынан бері өзін-өзі жұмыспен қамтыған 193 мыңнан астам адам 312,6 млн теңге көлемінде БЖТ төлеген.

Өзгелердің жаңалығы